«Ойын көрінбеді». Жанкүйерлер «Қайрат» футболшыларын әуежайдан күтіп алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Қайрат» жанкүйерлері команданың Қазақстан чемпионаты 11-турында «Ақжайыққа» қарсы көрсеткен ойынын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Желіде жанкүйерлер «Қайрат» футболшыларын Алматы әуежайында күтіп алып, олардың ойыны туралы сөйлескен сәтінің видеосы жарияланды. Еске салсақ, «Ақжайық» «Қайрат» 1:0 есебімен жеңген болатын.
Жанкүйерлермен команда капитаны Ғафуржан Сүйімбаев сөйлесті. Футболшылар енді «Ақтөбені» жеңуге уәде берді.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!