Спорт-сынақ

ҚПЛ: 22-турдың тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 22-турдың тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

30 қарашада Алматыда футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы, 22-турының матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де бірден үш кездесу басталады. Орталық стадионда көкшетаулық «Оқжетпес» пен шымкенттік «Ордабасы» ойнайды. Бұл кездесуде шымкенттіктерге жеңіс ауадай қажет, сол кезде төртінші орынға көтерілуі мүмкін.

Алайда ол үшін қарағандылық «Шахтер» қостанайлық «Тобылдан» жеңілуі керек. Бұл ойын «Жас Қыран» стадионында өтеді. «Кеншілердің» бұл кездесуде жеңіске жетуі қажет, ал күміс медальді мойнфна тағып қойған «Тобыл» бұл ойынға екінші құрамын шығаруы ықтимал.

Сондай-ақ, сағат Тимур Сегізбаев атындағы академияның алаңында петропавлдық «Қызыл-Жар» мен «Астана» арасындағы матч басталады. Бұл ойын турнирлік орын жағынан маңызды емес, сондықтан екі команданың бапкерлер құрамы жастарға өздерін дәлелдеуге мүмкіндік беруі мүмкін.

Тағы екі матч Қазақстан астанасы уақытымен 18:00-де басталады. Орталық стадион алаңына талдықорғандық «Жетісу» мен ақтаулық «Каспий» кездеседі.

Дәл осы уақытта «Тараз» алматылық «Қайратпен» күш сынасады. Ойын «Жас Қыран» стадионында өтеді.

«Шахтер» – «Тобыл» және «Тараз» – «Қайрат» матчтарының тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында болады, ал қалған ойын Qazsport телеарнаның сайтында көрсетіледі. Эфирді СІЛТЕМЕ бойынша қарауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер