АВТО/МОТО

Қытайда өткен Гран-придің айналымдарын стюардтар қате санаған

Қытайда өткен Гран-придің айналымдарын стюардтар қате санаған
news-banner7
mobile-news-top

Қытайда өткен Гран-придің нәтижесі 56 емес, 54 айналымнан кейін жарияланған, деп хабарлайды Eurosport.ru сайты. Стюардтардың қатесінен кейін жолақты жалауша уақытынан ерте көтерілген.

Жарыстың сюардтары жолақты жалаушаны «Мерседестегі» Льюис Хэмилтонға 55 айналым біткесін көрсеткен. «Формула-1» додасының спорттық ережесіне сай, егер сайыстың дабылы көшбасшы өтуі тиіс айналымға дейін естілсе, нәтиже алдыңғы айналымға дейін белгіленеді. Осыған байланысты, соңғы екі айналым классификацияның қорытындысынан алынылып тасталды. 

F1fanatic.co.uk сайтының ақпаратына сүйенсек, стюардтар жолақты жалаушаны 55 айналымда көрсеткен. 

Бұл жайт, сайыстың қорытындысына ешқандай өзгеріс енгізбейді. Тек Жюль Бьянки («Маруся») мен Камуи Кобаяшидің («Катерхэм») классификациядағы орындары тиісінше 17-ші, 18-ші болады. 

Ал Қытайдағы Гран-придің жеңімпазы боп Хэмилтон атанды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер