«Астана» төртінші мәрте Суперкубокты жеңіп алды

«Астана» төртінші мәрте Суперкубокты жеңіп алды

Алматыда 2019 жылғы футбол маусымы ресми ашылды. «Қайрат» пен «Астана» Суперкубокты сарапқа салды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Орталық стадионда ел чемпиондары «Астана» мен Кубок иегері «Қайрат» Суперкубок үшін күш сынасты. Маусымаралық үзілісте сапын жаңа ойыншылармен толықтырып, біршама дайындық жасағаннан соң қос команда биылғы жылдың алғашқы ресми ойынында кездесті.

«Астананың» тізгініне отбасылық жағдайымен уақытша қызметінен кеткен Роман Григорчук оралса, «Қайратты» жас маман Алексей Шпилевский жаттықтырады. 

Қос команданың да сапында біраз өзгерістер болды. «Қайраттың» бірнеше көшбасшы ойыншылары кетіп, орнына Раде Дугалич, Дино Миканович,  Конрад Вржещиньский, Чжон-Ву Хан және Еркебұлан Тұңғышбаев секілді футболшылар келді. Ал «Астананың» сапына Дорин Ротариу, Лука Шимунович қосылды.

Матч тартысты басталды. Дегенмен чемпиондар алаң қожайындарына қарағанда тың болды. Ойын басталғаннан соң 7 минут өткенде Кабананга есепті ашты. «Қайраттың» ойыншылары таразы басын теңестіруге қанша тырысқанымен алғашқы таймда басқа гол соғылған жоқ. Ал ойынның екінші бөлігінде «Астананың» сұрмергені есепті еселей түсті. 

Осылайша, ел чемпиондары маусымды жеңіспен бастап, Суперкубокты иеленді.

ҚР Суперкубогы үшін матч

«Астана» - «Қайрат» 2:0

Голдар: Кабананга 7 (1:0), Кабананга 67 (2:0)

Ескерту: Бейсебеков 45, Постников 56

Алаңнан қуылды: Эсеола 84

«Астана»: Эрич, Бейсебеков (Шомко 46), Аничич, Постников, Рукавина, Маевский, Логвиненко, Ротариу (Перцух 90+4), Томасов, Муртазаев, Кабананга (Янга 78)

«Қайрат»: Покатилов, Дугалич, Миканович, Хан Чжон Ву (Тұңғышбаев 64), Вржещиньский, Эсеола, Ахметов (Кейлер 71), Вороговский, Әбікен (Оразов 50), Қуат, Швырев

Бас төреші: Игорь Чесноков (Өскемен)

3 наурыз. Алматы. «Орталық» стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или