Бокс

Қазақстандық боксшы жеңісін марқұм Денис Тенге арнады

Қазақстандық боксшы жеңісін марқұм Денис Тенге арнады
news-banner7
mobile-news-top

Жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін иемденген қазақстандық боксшы Садриддин Аxмедов жеңісін өмірден өткен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жастар арасында әлем чемпионы Садриддин Ахмедов Канаданың Монреал қаласында 20 жасар мексикалық Абрахам Хуареспен жұдырықтасты. Ол 12 жекпе-жегінің біреуінде ғана жеңіліс тапқан. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді, бірақ төртінші раундта аяқталды. Мексикалық екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші кездесуді тоқтатуды ұйғарды.

Осылайша, Садриддин жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 14 желтоқсан күні өткен соңғы кездесуінде мексикалық қарсыласы Элиуд Мелендес Рочуды 82 секундта нокаутқа жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер