Әлем футболы

Іздеу-құтқару ісі мамандары теңізден ұшақ сынықтарын тапқан

Іздеу-құтқару ісі мамандары теңізден ұшақ сынықтарын тапқан
news-banner7
mobile-news-top

Норманд аралдарының авиациялық iздеу-құтқару қызметiнің басқарушысы Джон Фитцджеральд Эмилиано Салаға қатысты іздеу жұмыстарының нәтижесін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маған теңізде жастық, ашық қызғылт-сары түсті зат, қорапша және ақ түсті металл қиындыларының жүзіп жүргенін хабарлады», — дейді Фитцджеральд.

Сынық металл табылған жерге құтқару қайықтары жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, Эмилиано Сала Францияның «Нант» командасынан «Кардифф Ситиге» ауысқан жаңа командасына барар жолда іс-түзсіз жоғалып кетті.

Футболшы 21 қаңтар күні жергілікті уақыт сағат 21:00-де Уэльске келуі керек болатын. Алайда, болжанған уақыттан бір сағат бұрын ұшақ радардан жоғалып кеткен.

Түпнұсқасы: Championat.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер