Just Wrestling
Күрес

Гацалов: Әлемнің мықты жас балуандары күн сайын елімізге келе бермейді

Гацалов: Әлемнің мықты жас балуандары күн сайын елімізге келе бермейді
news-banner7
mobile-news-top

Алатау бөктерінде бұрын соңды болмаған дүбірлі дода өтеді. 6 шілде күні, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде еркін күрестен жастар арасындағы ұлттық құрамалардың кездесуі өтеді. Бұл күні Қазақстан, Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекстан және Қыргызстан сынды күрес алпауыттары кім мықтыны анықтайды. Осыған орай, Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, Қазақстан еркін күрес академиясының басшысы және бас бапкері Қажымұрат Гацалов prosports.kz тілшісіне жарыс жайлы айтып берді.

- Бұл біздің жас балуандар үшін өз қарым-қабілетін көрсететін керемет мүмкіндік. Әлемнің мықты жас балуандары күн сайын елімізге келе бермейді. Алматыға келетін құрамалардың тізімін қарасаңыз АҚШ, Ресей, Украина және Өзбекстан сынды елдер бар. Ал бұлардың әрқайсысы еркін күрес әлемінде алпауыт держава саналады. Сол үшін де біз турнирдің осындай кубоктық форматта өткенін қаладық. Өздеріңіз білетіндей Әлем Кубогы да дәл осындай жүйеде өтеді. Жарысқа келген әр мемлекетің палуандары бір-бірімен кездеседі. Яғни, әр спортшы кемінде бес кездесу өткізеді. Қазіргі таңда біз құрама жасақтаудамыз. Жақын уақытта құрама тізімін жариялаймыз. Жеңімпаз командадан бөлек палуандарға жекелей номинация бойынша жүлделер табысталады.

Айта кетейік, еркін күрестен ұлттық құрамалар арасындағы кездесу 6 шілде күні Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер