русский язык
Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Германия құрамасы)

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Германия құрамасы)
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына тура бір ай уақыт қалды.

Осы орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға бізге көршілес Ресей төрінде өнер көрсететін 32 команда жайлы мәліметтер ұсынады.

Алдымен өткен чемпионаттың жеңімпазы Германия құрамасы жайлы.

Германия:

Толық аталуы - Германия Федерациялық Республикасы. Орталық Еуропада орналасқан. Жер аумағы 356,96 мың квадрат км. Халқы 81,7 млн. Еуроодақтағы жан саны ең көп мемлекет. Астанасы Берлин қаласы.

Бүгінгі Германияның түп-тамыры Х ғасырда Орталық Еуропада өмір сүрген герман корольдігі. ХХ ғасырда екі ірі дүниежүзілік соғыстың ұйтқысы болған немістер әлем жұртшылығының назарында нашар образын қалыптастырған. 1945 жылы екіге ажырап (Германия Демократиялық Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы), 1990 жылы бірлікке келген.

âгеÑÐ¼Ð°Ð½Ð¸Ñ ÑÑÑбол ÑбоÑÐ½Ð°Ñ Ñемпион миÑаâçå¾çæç´¢ç»æ

Футболы:

1945 жылы екіге ажырап қалғанан кейін халықаралық жарыстарға екі ел ретінде қатысып жүрді. Тек 1990 жылдан кейін ғана Германия атауымен бір елдің намысын қорғады.

Германия құрамасы – Әлем чемпионатына18 мәрте қатысты. 13 рет жартылай финалға шығып, 8 мәрте финалға дейін жетті. 4 кезек чемпион атанып (1954, 1974, 1990, 2014), 4 рет күміс жүлде алды. Бұдан сырт тағы 4 мәрте қола жүлдеге қол жеткізді. Әлем футболының алпауыт құрамларының бірі.

Әлем чемпионатын алғаш рет1954 жылы жеңіп алды. Германия Федеративтік Республикасы финалда сол кездегі атақты құрама Венгрияны 3:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Ал төртінші чемпиондық атағына 2014 жылы Бразилияда қол жеткізді. Йоахим Лев бастаған жігіттер жартылай финалда алаң иелерін 7:1 есебімен талқандап, футбол тарихына өшпейтін із салды. Финалда Месси бастаған Аргентина құрамасын жеңді.

Әлем рейтингісіндегі орны:

FIFA-ның сәуір айында жариялаған тізімінде Германия құрамасы бірінші орында тұр.

Әлем чемпионатына іріктеу сынында:

Ресейге жолдама алу үшін немістер Солтүстік Ирландия, Чехия, Норвегия, Әзірбайжан, Сан-марино құрамаларымен бір топта өнер көрсетті. Топтағы 10 ойында да жеңіске жетіп, 30 ұпай жинады. 43 гол соғып, өз қақпасына 4 гол ғана жіберді.

Әрі Германия құрамасы осы кезекті Әлем чемпионатына іріктеу сынында барлық матчта жеңіске жеткен бірден-бір команда.

âÐоаÑим Ðевâçå¾çæç´¢ç»æ

Бас бапкері:

Аты: Йоахим Лев

Құрама тізгінін ұстаған уақыты2006 жыл 12 шілде

Елі: Германия

Туған жылы: 1960 жыл 3 ақпан

Маңызды ойыншылары:

«Неміс машинасы» деген атпен танымал құрама бір-екі жұлдыз ойыншыға емес, командалық ойынға арқа сүйейді. Десе де, футболда дәстүрлі алпауыт ел болғандықтан құрама сапындағы кез-келген ойыншының деңгейі өте жоғары.

Томас Мюллер

Туған жылы: 1989 жылы 13 қыркүйек

Командасы: «Бавария»

Мюллер өткен кезекті Әлем чемпионатында 7 ойынға қатысып, 5 гол соқты әрі 3 голдық пас берді. Бразилия жерінде өткен чемпионаттың «Күміс добы» мен «Күміс бутса» иегері.

Тек атақты ойыншылардан құралған Германия құрамасында ең мықты ойыншы Томас деп айту мүмкін емес. Бірақ, үздік шабуылды ұйымдастыру және шабуылды аяқтау шеберлігіне байланысты оны қарсыластар үшін ең қауіпті футболшы деуге әбден болады.

âгеÑÐ¼Ð°Ð½Ð¸Ñ ÑÑÑбол ÑбоÑÐ½Ð°Ñ 2018âçå¾çæç´¢ç»æ

Тони Кроос

Туған жылы: 1990 жылы 4 қаңтар

Командасы: «Реал Мадрид»

Қазіргі таңда әлемдегі ең үздік жартылай қорғаушылардың бірі саналатын Кроос Германия құрамасы үшін орны ерекше ойыншы.

Тонидың керемет дәл пастары, мығым дене қуаты мен үздік допты меңгеру қабілеті «неміс машинасының» басты қаруы саналады. Ол өткен Әлем чемпионатында 7 ойынға қатысып, 2 гол соқты және 4 голдық пас шығарды.

Месут Озил

Туған жылы: 1988 жылы 15 қазан

Командасы: «Арсенал»

Голдық пас шығарудың хас шебері Озил «Неміс машинасының» моторы саналады. «Арсенал» үшін аса сәтті өтпеген биылғы маусымының өзінде Месут 14 голдық пас беріп үлгірген екен.

2014 жылы Бразилия жерінде Озил 7 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 1 голдық пас берді. Германияның әлем чемпионы атануы үшін үлкен үлес қосқан ойыншы.

âгеÑÐ¼Ð°Ð½Ð¸Ñ ÑÑÑбол ÑбоÑÐ½Ð°Ñ 2018âçå¾çæç´¢ç»æ

Топтағы жағдайы:

Германия құрамасы Мексика, Швеция, Оңтүстік Корея командаларымен бірге F тобында өнер көрсетеді. Құрамалардың қуаты бойынша қарағанда немістердің бұл топтан шығуына көп қиындық жоқ секілді. Тіпті, топта бірінші орын алатыны жайлы бәс тігуге де болатын шығар.

Германия – Мексика

Қос құраманың жолы тарихта 11 мәрте түйіскен екен. Немістер 5 ойында жеңіп, 5 ойында тең түсіп, 1 рет ғана жеңілген. Ал Әлем чемпионатында 3 мәрте кездескен. Оның екеуінде Германия жеңсе, бір ойын тең аяқталған. Осы 11 ойында немістер 24 гол соғып, өз қақпасына 10 гол өткізген.

Бұл матч 17 маусым күні Астана уақыты сағат 21:00-де басталады. Мәскеу қаласындағы Лужники стадионында өтеді.

Германия – Швеция

Екеуі де еуропалық құрама болғандықтан тарихта 36 рет кездескен. Германиялықтар 15 матчта жеңіп, 12 ойында жеңілген. Тағы 9 ойын тең аяқталған. 70 гол соғып, 60 гол жіберіп алған. Ал Әлем чемпионатында 4 мәрте жолдары түйіскен. Немістер үшеуінде жеңіп, бір ойын жеңілген екен.

Бұл кездесу 24 маусым Астана уақыты 00:00-де өтеді. Сочи қаласында орналасқан Олимпиадалық стадионда.

Германия – Оңтүстік Корея

Бұл екі құрама тарихта тек үш рет ғана кездескен. Оның екеуінде немістер, біреуінде корейлер жеңіске жеткен. Ал Әлем чемпионатында 2 рет жолығып, екеуінде де еуропалық команданың жолы болған. Германия құрамасы үш ойында 5 гол соғып, 3 гол өткізіп алған.

Бұл ойын 27 маусым күні Астана уақытымен 20:00-де Қазан қаласында Қазан Аренада өтеді.


Жалғасы бар...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;