Басқа

Қазақстан құрамасы жазғы биатлоннан әлем чемпионатына қатысуға дайын

news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан құрамасы Болгарияның Белмекенінде оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, кейін Ресейге аттанады. Мұнда олар жазғы әлем чемпионатына қатысады.

Биатлоннан ерлер командасының сапына мына спортшылар шақырылды: Василий Подкорытов, Антон Пантов, Максим Браун, Роман Еремин, Владислав Витенко, Тимур Куц, Тимур Хамитгатин.

Ал әйелдер құрамасында төмендегі спортшылар бар: Галина Вишневская, Дарья Климина (Усанова), Алина Райкова, Анна Кистанова, Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева.

Атлеттеріміздің қатарына жасөспірімдерден Евгения Красикова мен Дмитрий Колесниковтер кіреді.

Айта кетейік, биатлоннан жазғы әлем чемпионаты 22 және 28 тамыз арасында Ресейдің Чайковский қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер