Басқа

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті спорт ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт күнінің қарсаңында Қазақстан спортының ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шара Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасы бойынша аталған шараға, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттары мен ірі халықаралық жарыстарда топ жарған даңқты спортшылар, Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасының спортына еңбегі сіңген қайраткерлер шақырылған.

г.Астана

ҚР ҰОК Бас директоры Серік Қасқабасов атап өткендей спорт ардагерлеріне құрмет көрсету ірі спорттық мерекелік шаралардың қарсаңындағы жақсы дәстүрге айналып келе жатыр.

«Естеріңізде болар ҰОК-нің 25-жылдығына арналған басты мерекелік шараларды біз ардагерлерді құттықтаудан бастаған болатынбыз. Қазақстан спортының өзіндік бай тарихы бар. Біз Сіздердің ел спортының қалыптасуы мен нығаюы үшін жасаған ерен еңбектеріңізді ешқашан ұмытпаймыз» - деді С. Қасқабасов.

Астанадағы салтанатты шара барысында жиналғандар ҚР ҰОК бірінші президенті Тимур Досымбетовтың (1990 – 1992 жж, 2002 – 2006 жж.) аруағына тағзым етіп еске алды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Ордені – ҚР ҰОК жоғарғы наградасы ұйым үшін атқарған ерен еңбегі үшін марқұмның жұбайы – Гүлжан Түткібаеваға табысталды.

Ардагерлер ҚР ҰОК-нін басшылығын осындай мереке қарсаңында ескі достарымен кездестіріп, қуантқаны үшін алғыстарын білдірді. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО 6 дүркін чемпионы және қазақ жеңіл атлетикасының тұңғыш рекордшысы Әмин Тұяқов барлық қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады.

«Спорттың біздің өмірімізде алар орны ерекше. Біздің Елбасымыз үнемі айтып келеді спортшылар біздің абыройымызды асқақтатады және олардың жеңісінің құрметіне еліміздің әнұраны шырқалып, көк уымыз биікте желбірейді. Алдағы уақытта біздің елеміздің атын әлемге танытатын талантты жас спортшылар көп болуын шын жүректен тілеймін», деді Әмин Елемесұлы. Биыл 80 жасқа толған спорт абызы ҰОК аталған игілікті шараға бастамашы болғаны үшін алғысын білдірді.

Алматы қаласында өткен салтанатты жиында ҚР ҰОК вице-президенті Андрей Крюков спорт ардагерлерін құттықтады.

«Осы жерде жиылған барлық спорт ардагерлерінің атынан бірінші кезекте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және де Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевқа, спорт саласына еңбек еткен ардагерлердің еңбектерін ұмытпай қолдап келе жатқандарыңызға және де ел спотрының халықаралық аренадағы рөлінің нығаюына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Біздің жетістіктерімізге спортшыларымыздың Олимпиададағы жарқын жеңістері дәлел» деді Алматыдағы Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Қозыбақұлы Тшанов.

Түпнұсқасы: www.olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер