Басқа

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт үздіктерін марапаттады

news-banner7
mobile-news-top

Спорт күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласының үздік қызметкерлерін марапаттады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Стратегиясында» дене шынықтыру мен спорт әрбір қазақстандықтың және жалпы ұлттың денсаулығының негізі делінген. Тек дені сау ұлт қана мықты мемлекет, дамыған экономика мен жалпыға бірдей еңбек мүмкіндігі негізінде қоғам құра алады. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанынан бері, спортты дамыту және халықты жалпыға бірдей дене шынықтыруға баулу мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі болды», - деп атап өтті А. Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, министр осындай атаулы күні спорт ардагерлерімізге, спортшыларымызға, жаттықтырушыларымызға, спорт және дене шынықтыру саласында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерімізге отандық спортты қалыптастырып, дамытудағы осынау ерен еңбектері үшін зор алғысын білдірді.

«Сіздердің көпжылғы жасампаз қызметтеріңіз қазақстандық атлеттердің спорттық шеберліктерінің дамуы мен біздің мемлекетіміздің спорттық имиджінің қалыптасуының негізі болды. Бұл күн тек қана спорт пен дене шынықтыру қызметкерлері үшін емес барлық қазақстандықтар үшін атаулы және қуанышты күн»- деп шынайы лебізін жеткізді А. Мұхамедиұлы.

Кәсіби мерекеге орай, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға ерекше үлесін қосқан бірқатар азаматтарды «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгілерімен және құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысына, дене шынықтыру және спорттың дамуына үлес қосқаны үшін біршама қызметкерлерді «Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне 25 жыл» мерекелік медальмен марапаттады.

Министрліктің қоғамдық жұмысына белсенді қатысқаны үшін үздік қызметкерлер «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Түпнұсқасы: www.mks.gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер