Футбол

Қазақстандық клубтар «Астанаға» қолдау көрсетті

Қазақстандық клубтар «Астанаға» қолдау көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінің бірінші кездесуінде «Астана» футбол клубы шотландиялық «Селтик» футбол клубынан жеңіліс тапты - 0:5.

Ойын астаналықтар үшін сәтсіз өтті. Мұндай нәтижені ешкім күтпеген анық. Бірақ бұл жағдайда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және еліміздің футбол клубтарының басшылары Еуропадағы турнирлердегі жалғыз қатысушы команданы қолдауды дұрыс деп санайды. Бұл туралы ҚКФЛ ресми сайты хабарлады.

ҚКФЛ Президенті Азамат Айтқожин:

- Менің ойымша түндегі нәтиже - бұл жол болмаушылық. Футболда мұндай жағдайлар болып тұрады, үлкен клубтар да ауыр жеңілістерді бастан кешіреді. «Астана» дұрыс қорытынды шығарып, біздер қарымта кездесуде халықаралық кездесулерде елді қуантқан және де осы маусымда әлі де қуантатын нағыз чемпиондарды көретініме нық сенімдімін.

«Қайсар» футбол клубының директоры Эдуард Глазунов:

- Біздің клуб «Астананы» Чемпиондар Лигасының барлық ойындарында қолдайды. Біздер Қазақстан чемпионының ойындарын қарап, әрдайым ол команданың Еуропадағы нәтижелері үшін уайымдаймыз. Әрине, кеше дұрыс ойын болмады. Бірақ, бұл спорт, мұнда жеңістер мен жеңілістер де болады. Енді дұрыс қорытынды шығарып, қарымта ойында 5:0 нәтижесі кездейсоқ болғанын дәлелдеу маңызды. Қарымта кездесуде «Астанаға» өзінің ойынын көрсетіп, жақсы нәтижеге жетуге тілектеспін.

«Тараз» футбол клубының директоры Махамбет Дүйсембаев:

- «Астана» командасының жеңілісі біздің көңілімізді түсіріп отыр. Жанкүйерлердің де, ойыншылардың да. Бірақ, менің ойымша бұл «Астананың» Еуропа турнирлеріндегі соңғы ойыны емес. Жеңістер әлі алда, мен «Астанаға» сенемін! Клубтың Чемпиондар Лигасында жолы болмаса да, Еуропа Лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік бар. Біздің команданың осындай үлкен додаларға қатысып отырғанына біздер қуануымыз қажет. Жеңіліссіз жеңістер болмайды - бұл спорттың бұрыннан бергі заңы.

«Атырау» футбол клубының директоры Тимур Нигимов:

- «Астана» жыл сайын қазақстандықтарды Чемпиондар Лигасындағы және Еуропа Лигасындағы жеңістермен қуантады. «Селтикпен» болған ойын қазақ футолының деңгейін көрсетпейді. Бірнеше апта бұрын барлығымыз Чемпиондар Лигасында «Реалмен» тең ойнаған «Легияны» жеңгенімізге қуандық. Ал қазір, елордалық клуб жеңіліс тапқанда командаға бір жеңілісі үшін қорлық таңбасын салу дұрыс емес, өткен сәтті ойындарды еске алу қажет.

«Қызыл-Жар» СК футбол клубының директоры Григорий Лория:

- «Астана» мен үшін бөгде клуб емес. Мен, барлық қазақстандықтармен қосылып, елордалық команданы өткен түнде қолдадым. Ойын шақпады, бұл жағдайда бірнеше факторларды қарастыруымыз қажет - бұл ұзық ұшу салдары, бұл трибуналары толы стадионда ойнау, бұл қорғаныстағы негізгі ойыншыдан айырылу. Осы жағдайлар бірігіп, барлық жанкүйерлердің көңілін түсірген сәтсіз нәтижеге әкеліп соқтырды. Бірақ бұл ойыннан кейін өмір жалғасады. Алда елдің намысын сақтап қалуға мүмкіндік беретін қарымта ойын бар, және де Еуропаның беделді турнирінің топтық кезеңі күтіп тұр. Мен бұл шебер және тәжірибелі команданың дұрыс қорытынды шығарып, сәтті нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін.

«Тобыл» футбол клубының директоры Николай Панин:

- Глазгода өте қиын ойын болды. Бірінші жарты сағатта «Астана» «Селтиктен» кем болмады, пас беру жағынан тең болды, тіпті қарсыласқа қарағанда қауіпті сәттерді де жиі ұйымдастырды. Содан кейән ойында бірнәрсе өзгергендей болды. Кездесу бапкерлік штабтың ойындағыдай болмады. Өкінішке орай жағдайды дұрыстауға мүмкіндік болмады. Бірақ, бұл жағдайда Қазақстанның атынан халықаралық аренада ойнайтын команданы қолдауымыз бұл әр адамның міндеті деп ойлаймын. «Астананы» қолдап, қарымта ойында тек сәттілік тілеймін!

«Екібастұз» футбол клубының директоры Мирхат Мұсанал:

- Екібастұзда өткен ойынды тамашалап, «Астанаға» қолдау көрсетті. Себебі, астаналықтар сапында Екібастұз футболының түлегі, елордалық команданың капитаны Дмитрий Шомко өнер көрсетеді. Бірінші ойында сәтті нәтижеге қол жеткізе алмағанымыз өкінішті. Бірақ, біздер қарымта ойында барлығы «Астананың» пайдасына шешілетініне сенімдімін. Командаға теріс бұрылмай, сәтсіз кезеңдерде қолдау қолдау көрсету маңызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер