Бокс

Абель Санчес: Джейкобс Альварестен мықтырақ

Абель Санчес: Джейкобс Альварестен мықтырақ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің алдағы мен бұрынғы қарсыласын салыстырды.

«Джейкобс пен Альварестің соққыларын салыстырсақ, Дэниэлдікі жойқынырақ. Себебі ол жекпе-жек кезінде Головкиннен 20-25 фунтқа ауыр болған. Бұған қоса оның бойы да, қолы да ұзын болды. Геннадий болса Канелодан ірі. Альварес жеңіл салмақта өнер көрсеткен Әмір Ханды, екі жыл шаршы алаңға шықпаған Джеймс Кирклендті құлатқан. Ал орта салмақта жұдырықтасқан қай мықтыны боксшыны ол нокаутпен ұтты?», - деді қазақстандық боксшының бапкері.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин – Канело жекпе-жегі қыркүйектің 17-і, Лас-Вегас қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер