Бокс

Қанат Исламның спарринг қарсыласын нокаутқа түсірген видеосы

Қанат Исламның спарринг қарсыласын нокаутқа түсірген видеосы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукқа қарсы кездесу алдындағы жекпе-жегінде спарринг қарсыласын нокаутқа түсірген дайындығының видеосы жарияланды.

«Қазақ» лақап атымен танымал Қанат қазіргі таңда Астана қаласында жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Онымен бірге бірнеше қазақстандық былғары қолғап шеберлері де дайындықтарын пысықтауда.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында Қанат Ислам (24-0,19КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) жұдырықтасады. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулына үміткерлікке таласады. Осы жекпе-жектің андеркартында 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0,1КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер