Футбол

«Ақтөбе» қатарынан үш рет ең көп жанкүйер жинады

«Ақтөбе» қатарынан үш рет ең көп жанкүйер жинады
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 23 турында ең көп көрермен жинаған. Бұл осымен қатарынан үшінші рет тіркеліп отырған сандар. Бұл туралы «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі. хабарлады.

Естеріңізде болса, «Ақтөбе» мен «Қайсар» арасындағы матчты 11000 көрермен тамашалауға келген болса, «Қайрат» командасымен өткен ойынға 11500 жанкүйер жиналған болатын.

23 тур ойындарын барлығы 22 250 көрермен қызықтаған. Бұл орта есепппен алғанда 3708 адамды құрайды. Ең көп көрермен жинаған «Ақтөбенің» Қобыланды батыр стадионы, «Ақтөбе» - «Астана» ойынына 11000 адам келген, ал көрермен ең аз келген ойын – «Оқжетпес» пен «Қайрат» арасындағы ойын (250 көрермен).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер