Бокс

Нұрсұлтан Жаңабаевтың қарсыласы анықталды

Нұрсұлтан Жаңабаевтың қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

9-шы қыркүйек күні Астана қаласында жұдырықтасатын Нұрсұлтан Жаңабаевтың қарсыласы анықталды.

Бірінші орта салмақта WBA China чемпиондық белбеуінің иегері Нұрсұлтан Жаңабаев 37 жастағы бразилиялық Алекс Сандро Дуартэмен жекпе-жек өткізеді. Кәсіпқой бокста 15 кездесу өткізіп, оның 13-інде жеңіске жетсе (10 нокаут), 1 кездесуде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен.

Ал Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіске жеткен. Қазіргі таңда ол Қанат Исламмен бірге жаттығып жүр.

Еске сала кетейік, 9-шы қыркүйекте Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі EXPO-2017 көрмесі аясында бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (24-0,19КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) жұдырықтасады. Осы жекпе-жектің андеркартында 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0,1КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер