Басқа

Усейн Болт мансабындағы соңғы жүгірісінде мәрге жете алмады

Усейн Болт мансабындағы соңғы жүгірісінде мәрге жете алмады
news-banner7
mobile-news-top

Ямайкалық жеңіл атлет Усэйн Болт спорттық жолындағы соңғы жүгіруінде жарақаттанып қалды.

Лондондағы жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында 4х100 эстафетаның соңғы төртінші айналымында жүгірген желаяқтың жамбасынан жарақатап алып қалды. Ол бар болғаны 30 метрдей жүгіріп үлгерді. Үшінші орыннан үмітті Ямайка құрамасы жарысты жалғастыра алған жоқ.

Сегіз дүркін олимпиада чемпионы Әлем біріншілігінде жеңімпаз атанып, жеңіліс дәмін татпаған спортшы ретінде қоштасқысы келетінін мәлімдеген еді.

Эстафетада 37,47 секунд көрсеткішімен Ұлыбритания командасы жеңімпаз атанды. Екінші болып мәре сызығын - америкалықтар (37,52) қиды, үшінші - жапондықтар (38,0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер