Басқа

Серік Сәпиевті Н.Назарбаев әуежайындағы көлік тұрағының бағасы шошытты

Серік Сәпиевті Н.Назарбаев әуежайындағы көлік тұрағының бағасы шошытты
news-banner7
mobile-news-top

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Астана әуежайындағы көлік тұрағы бағасының қымбаттылығына наразылығын білдірді.

Бұл туралы Олимпиада чемпионы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

«Біздің Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы көлік тұрағының бағасы шошытты. Егер көлікті жабық автотұраққа бір күнге қойсаң - 2000 теңге төлеуің қажет. Әуежайдың ауласындағы тұраққа көлікті екі сағат қойғаның үшін 400 теңге, ал одан кейін әр сағат үшін 1500 теңге төлеу керек. Сонда бір күнге 33400 теңге қалтамыздан шығаруымыз қажет пе. Бұл жүйе не соңына дейін ойластырылып істелмеген, не халық үшін жасалмаған. Өйткені келесі күні алғашқы күндегідей бағамен төлей алмайсың - әр сағатқа 2 500 теңге. Заңсыз жолаушы таситын таксилерге қарсы істелген шара деп болжап отырмын. Бірақ олар біріншіден, көлігін бірнеше күнге тұраққа қойып кетпейді. Олар күніне әуежай мен қала ортасында ары-бері бірнеше мәрте жүреді. Екіншіден, кез келген адамнан сұраңыз бұл шарадан кейін олардың саны азая қойған жоқ. Қала әкімшілігі мен әуежайдың басшылығы бұл мәселені шешулеріңізді өтінемі. Әсет Өрентайұлы, бұл мәселеден хабарыңыз бар ма?», - деп жазыпты бокстан Олимпиада чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер