Күрес

Серікболсын Шынтас – Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Серікболсын Шынтас – Әлем чемпионатының қола жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошы Серікболсын Шынтас (81 кг) дзюдодан Чилиде кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайты.

Ол жұбаныш белдесуінде тайпейлік Хсу Шиенанды иппонмен жеңіп, қола медаль үшін күресуге ммүмкіндік алды. Маңызды додаданың қола медалі үшін тәжікстандық балуан, кадеттер арасында Азия Чемпионы Маджидов Джохонгирден басым түсті.

Естеріңізге сала кетсек, 60 келі салмақта белдескен Нұрзат Сәлімбаев әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медальді салған болатын. Ол ақтық сында ресейлік дзюдошы Казбек Нагушевтен ұтылып қалды.

Чили елінің Сантьяго қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты 13 тамызға дейін жалғасады. Жылдың ең маңызды додасы саналатын жарыста әлемнің 64 елінен 428 дзюдошы қатысып жатыр. Қазақстан кадеттер құрамасы бір күміс және қола медальмен 64 елдің ішінде 9 орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер