Басқа

Әлем чемпионаты. Эстафетада бақ сынаған қыздарымыз финалға шыға алмады

Әлем чемпионаты. Эстафетада бақ сынаған қыздарымыз финалға шыға алмады
news-banner7
mobile-news-top

ХVІ әлем чемпионатының 4х100 эстафетасында бәйгеге түскен қыздарымыз финалға шыға алмады, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Әйелдер арасындағы 4х100 эстафетасының іріктеу жарыстары аяқталды. Қазақстан құрамасының қыздары екінші сегіздікте жүгірді. Сөреден Рима Кашафутдинова шығып, эстафета таяқшасын Виктория Зябкинаға берді. Одан кейін Светлана Голендова, ал соңғы кезеңде Ольга Сафронова жүгірді.

Өкінішке қарай, екінші кезеңде жүгірген қызымыз эстафета таяқшасын алып, оны үшінші кезеңдегі спортшымызға беру кезінде жаза басып, аздаған уақыт жоғалтып алды. Тағы да жарақаты сыр берген сияқты...

Ал эстафетада мұның бәрі – өте маңызды. Бір секундтың ондаған, тіпті жүздеген бөліктерінің өзі – бағалы. Сөйтіп, эстафетада жүгірген қыздарымыз финалға шыға алмады. Уақыттары да аса жоғары болмады – 45,47 секунд. Ал Азия чемпионатында олар 43,53 секунд көрсеткішпен жеңімпаз атанып, Алматыда Қосанов мемориалында 43,03 секунд уақытпен топ жарған-ды.

Бүгін әлем чемпионатының іріктеу жарыстарына қатысқан басқа елдің қыздарының көбісі (нақтырақ айтқанда, жеті елдің құрамасы) осы маусымдағы ең үздік нәтижелерін көрсетті. Швейцария қыздары ұлттық рекордтарын жаңарты. АҚШ арулары биылғы жылғы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер