Нар тәуекел
Футбол

Қазақстан. Премьер-лига. "Ақтөбе" - "Астана"

Қазақстан. Премьер-лига. "Ақтөбе" - "Астана"
news-banner7
mobile-news-top

Қайырлы күн, спорт сүйер қауым! Қазақстан футболы қайта оралды!

Ақтөбе – Астана

Футбол. Қазақстан. Премьер-Лига

11.08.2017 21:00

Үшінші айналымның алғашқы матчында Қазақстан пентакампеондары өз алаңында турнир көшбасшысын қабылдайтын болады. Ақтөбеліктер үшін алдағы матч қатарынан келген екінші қиын сынақ болғалы отыр. Бірінші сынақта олардың сүрінгені белгілі: екінші айналымның соңғы турында Қайратқа 1-2 есебімен жол берген еді. Алдағы ойын одан да қиынға соғайын деп тұрған жайы бар, өйткені «Астананың» айдарынан қазір жел есіп тұр. Дегенмен бұл арада елордалықтардың бірден екі майданға күш сарқып ойнап жүргенін естен шығармау керек. Олардың алдында ЧЛ-ң плэй-офф кезеңі сынды ең күрделі әрі соңғы бөгет қалып отыр, сондықтан да шотландиялық «ескі таныс», азулы «Селтикке» қарсы текетіреске Стойлов шәкірттері барлық негізгі ресурстарын сақтап отырғаны күмән туғызбайды. Сондықтан да олар «Ақтөбемен» ойында күшті үнемдеу режимін қосатынына сенімдімін. Ал жағдайдың осылай өрбуі Муханов шәкірттеріне қандай да бір ұпай алып, бостау қоржынды толтыра түсуге зор мүмкіндік бермек. Иә, «Ақтөбенің» әзірге ахуалы мәз емес: ойын өрнегі әлсіздеу және соның салдарынан заңды түрде аутсайдер деген айдар тағынды. Турнир кестесінің соңында сүйретіліп келе жатқан ақтөбеліктерге тек жеңіске жету, тым болмаса бір ұпай алу ауадай қажет, себебі біріншілік мәреге жақындап қалды, ал бір кездердегі қазақ футболының бетке ұстар ұжымы дәл қазір бір аяғымен Бірінші лигада тұр десек артық емес. Айтпақшы, сол 22 турда астаналықтар шымкенттік «Ордабасыны» соңы минуттарда бір гол соғу арқылы үлкен қиындықпен ұтқан болатын. Бұл жайттан ақтөбелік бапкерлер өздеріне қажетті пайдалы қорытындыларды шығарса керек. Сөз соңында екі клуб арасындағы кездесулердің статистикалық мәліметтеріне назар аудара кетсек: 1) 26 ойынның 13-де - «Астана», 9-да «Ақтөбе» басым түскен, 4 ойында тең есеп тіркелген; 2) голдар саны бойынша: «Астана» - 36 , «Ақтөбе» - 27; 3) сондай-ақ «Ақтөбе» өз алаңында қонақтарды 2015 жылдан бастап жеңе алмай келеді – 1 тең ойын, 4 жеңіліс.

ОЗ - 1.82

Х - 3.55

Сәттілік!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер