Басқа

Алматыда тегін жүзуді үйренген жеткіншектер марапатталмақ

news-banner7
mobile-news-top

Тамыздың 12-сі күні, Яссауи 1Б көшесінде орналасқан Aquastars бассейнінде, «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында тегін жүзу сабақтарын меңгерген балаларды марапаттау рәсімі өтеді.

Шілде айында қатысқан 150 ұлдар мен қыздарға ұйымдастырушылар атынан сертификаттар мен медальдар табысталады. Жалпы, шілде айында Алматы қаласының 8 ауданынан 667 адам тегін жүзуді үйренген.
Айта кетсек, жаздың басынан 8-12 жас аралығындағы жеткіншектер арасында алып шаһарда жүзуден тегін сабақтар басталған болатын. Біріншіден, бұл сабақтарға көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары және балалар үйінен шыққан жасөспірімдер қатысты. Қазіргі таңда, 1340 балалар жүзу әдістерін үйренді.
Бүгінгі күні кәсіпқой бапкерлер балаларды бассейндермен қамтылған бес спорт кешенінде жүзуге үйретеді. Олар Сейфуллина 404, 14, Тимирязева 41, Яссауи 1Б және Өтемісұлы 1(Шаңырақ ықшам ауданы) көшелерінде орналасқан. Жеткіншектерге арналған жүзуден жаттығулар жаздың соңына дейін бір сағаттан, аптасына 2-3 мәрте өтетін болады. 12 сабақтан соң, қатысушылар дұрыс дем алуды үйреніп, негізгі жаттығуларды меңгереді. Оларға барлық жүзу әдістері жатады.
Айта кетер жайт, бағдарлама ұйымдастырушылары Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы осы жылы балалар санын тағы 1000-ға көбейтті. Өткен жылы 1000 адам қатысса, осы жылы 2000 бала жаздың соңына дейін тегін жүзу сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер