Футзал

Какау: Біздің команда өзгерді. Жаңа ойыншылармен толықтық

Какау: Біздің команда өзгерді. Жаңа ойыншылармен толықтық
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы УЕФА Кубогының Төрттік финалында қола медаль иеленген соң, ойыншылар лайықты демалысқа кетті. Алайда тамыздан бастап команда жаттығуға қайта кірісті. Жаттығу процессі мен команданың осы маусымға қойған мақсаты жайлы клубтың бас бапкері Какау Prosports.kz тілшісіне айтып берді.

- Какау, жаттығу процессі қалай өтуде? Ойыншыларыңыздың физикалық тұрғысына қанағаттанасыз ба?

- Ең алдымен айтарым, мен Қазақстан мен «Қайрат» клубына оралғаныма қуаныштымын. Жаттығу процессі әзірге қиын өтуде. Себебі ойыншылар үш ай демалды. Ол өте көп, сондықтан физикалық жаттығуларға басты көңіл бөліп, дәрігерлерге олардың жүрегі мен тізесін қаратудамыз. Меніңше, әлі бір аптаға созылады. Ал кейін физикалық жаттығумен қатар доппен жұмыс істейміз.

Біздің команда өзгерді. Жаңа қақпашы Дуду келді, Фелипемен келісімге келдік. Оның футзал мектебі жақсы қойылған және ол жас әрі болашағы бар спортшы. Тағы бір жаңа ойыншы - Даниэль, «Жарагу» клубымен сегіз рет Бразилия чемпионы атанды. Ол Леоның ағасы, біз үшін бұл жақсы болмақ. Даниэль жылдам бейімделіп, орыс тілін үйренуде.

Сонымен қатар, Дубайдағы «NAS futsal championship» турнирінде үздік атанған Тайнан деген ойыншымен келісімшартқа отырдық. Командаға жаңа физиотерапевт - Кристиану келді. Біздің ұжым жаңа, енді алда қалай боларын көреміз. Мен қазақ ойыншыларын көргеніме қуаныштымын, аз-кем болсын осы жерде бес жыл бойы қызмет етіп келемін. Командадағы көңіл-күй жақсы, маусым басталғаны да қуантты. Ең бастысы - жарақаттан аман болу.

- Сіз атап өткендей командада жаңа ойыншылар көп. Оларды ұжым қалай қарсы алды, бейімделу процессі қалай өтті?

- Ия, әрине, акклиматизация оңай болмады, негізі оған үш ай кетеді. Тез бейімделетін ойыншылар да бар. Алда әлі уақыт бар, кейін қыркүйек, қазан айларында жаттығып, спорттық бабымызға келеміз. Ойыншыларды әлі тактикалық ойынға қалыптастыру керек, себебі әр жыл сайын біз ойынымызды өзгертудеміз. Барлығы «Қайратты» сыйлайды, ал менің ойыншыларым тек жеңіс сыйлағысы келеді. Қазір ейчас Еуропада сайысқа түсу қиынға соғуда, басты бәсекеде: Италия, Испания, Португалиядан екі командадан қатысады. УЕФА Кубогы жыл сайын дамуда, сондықтан бейімделу және қалыптасу процессі тез өткенін қалаймын.

Алматы – жақсы қала, ойыншыларға бұл мекен қолайлы. Өзіміздің база мен қатар барлық командаға барлық жағдай жасалған. Сол себептерге сүйене отырып, бейімделу процессі жылдам өтеді деген ойдамын.

- «Қайрат» намысы бар, жауынгер команда. Үнемі жүлделі орыннан үмітті, дуниежүзіндегі ең мықты клубтардың бірі. Осы жылы қандай мақсаттар алға қойылды?

- Кем дегенде соңғы маусымның қайталанғанын қалаймын. Қазақстан чемпионы атанып, ел кубонын ұту және Төрттік финалға жолдама алу. Әрине, қиын болады. Алацда мен тек сол жерде тартысқа түскім келеді. Мен біздің жанкүйерлерге алғысымды білдіргім келеді. Өткен маусымда, Төрттік финалда ойынға келушілер көрсеткіші бойынша УЕФА рекордын бағындыруға сәл қалдық. Меніңше, барлық Қазақстан бізді қолдауда. Бұған біздің жанкүйерлер бірден бір себепкер.

- Жеке өзіңізге оралсақ. «Қайраттың» тізгінін қай уақытқа дейін ұстамақсыз?

- Келісімшарт бойынша бұл жыл мен үшін соңғы. Әрине, «Қайрат» және мен ... Мен әрдайым бұл менің үйім, менің клубым деп айтып келемін. 11 жыл осында тұрып келемін, оның бес жарым жылын клубтың ойыншысы ретінде. Маған бұл жерде жұмыс жасау ұнайды және қолайлы, адамдар әрдайым маған қол ұшын беруге дайын. «Қайрат» мені қалағанша осы жерде қалуға дайынмын. Мен басқа клуб жайлы ойлған емеспін. Өмірде ақша басты нәрсе емес, жанкүйерлер «Какау! Какау!» - деп қолдағаны мен үшін қымбат. Мұндайда ақшаға сатып алу мүмкін емес. Осы жылдағы көрсеткішіміздің маңызы зор бірақ сол бес жылда көптеген белестерді бағындырдық. Екі рет УЕФА кубогының чемпионы атандық, қола жүлдені ұттық. Осы жылы да сәтті өнер көрсетіп, клубпен жаңа келісімге келемін деген ойдамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер