Нар тәуекел
Футбол

Франция біріншілігі. Тур 1. "Метц" - "Генгам"

Франция біріншілігі. Тур 1. "Метц" - "Генгам"
news-banner7
mobile-news-top

Францияның 1 Лигасы осы түнде футбол сүйер қауымға "Метц" - "Генгам" матчын ұсынбақ. Бұл екі ұжымның өзара кездесуінен не күтуге болады? Ең әуелі мейлінше голдардың көп болуын. Екі тарап бұл үмітті ақтауға дайын. Әсіресе алаң иелері 2016/2017 маусымында өздерінің "Сен-Симфорьян" атты стадионынан үнемі дерлік соғылған доппен кеткені мәлім. Мәселен, былтырғы маусымдағы 19 ойынның он алтысында "Метц" қарсылас қақпасынан саңылау тапқан, яғни бұл жоғарғы көрсеткіш, оған қоса орташа есеппен алғанда олар кем дегенде 1 доп соғып отырған. Ал Антуан Комбуарэ бастаған жігіттердің қонақтағы өнері керісінше көңілді еш көншіте алмайды: 19 ойында тек 18 гол. Міне осындай қарама-қайшы статистикалық фактілер. Ендігі жерде өзара ойналған матчтардың статистикасы не дейді, соған тоқталып өтейік. Оған сенсек, "Генгам" сырт алаңда "Метцтан" соңғы үш ойын бойы ұтылмай келеді, тіпті 2 голдан аз соққан жағдай кездеспеген. Осындай әр алуан мәліметтерді ой елегінен өткізе келе, бір қорытынды жасауға тиіспіз: "Метц" та, "Генгам" да өздері үшін алғашқы ойында әдеттегідей шабуылға ден қойып, барынша көбірек гол соғуға асық болмақ; айқын фаворит жоқ болуы себепті нақты бір тарап жеңіске жетеді деп сенімді түрде айта алмаймыз, демек, менің ойымша, тең есеп аса ықтимал көрініп тұр.

Екеуі де гол соғады: иә - 1.82

Тотал (2.5)Б - 2.14

Нақты есеп: 2-2 -13.5

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер