Футбол

«Астана» – плэй-оффта

«Астана» – плэй-оффта
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде польшалық «Легияға» қонаққа барды.

«Астана Аренада» өткен алғашқы ойында алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен-ді. Сондықтан «Астанаға» Варшава төрінде екі гол айырмашылығымен ұтылмаса жеткілікті болған.

Ойын шабуылдарға толы болды деуге келмес. Қос команда алма кезек допқа иелік еткенімен, қауіпті шабуылдар аз болды. Нәтижесінде үзіліске дейін жанкүйерлер гол көре алған жоқ.

«Астана» қорғаушылары екінші таймда да сақ ойнады. Бірақ «Легия» трибунаны толтырып қолдау көрсеткен жанкүйерлерінің алдында есеп аша алды. Бұрыштан әуелеген допты Якуб Червиньски қақпада тулатты. Бұл матчтың 76-минуты болатын.

Келесі кезеңге өту үшін тағы бір гол қажет болған соң, «Легия» ойыншылары шабуылға ұмтылды. Ал астаналықтар алаң иелеріне мұндай мүмкіндік бермеуге тырысып, қорғанысқа көңіл бөлді. Ал сәті түскенде қарымта шабуылды да ұмытқан жоқ. Қорытынды есеп - 1:0.

Осылайша, Станимир Стойлов шәкірттері қолда бар басымдықтан айырылмай, қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Легия» (Польша) - «Астана» 1:0 (0:0)

Гол: 1:0 – Червиньски 76

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
Жарайсыңдар, Астана!
Жауап беру