Волейбол

Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының финалдық ойынында Жапония ұжымына есе жіберді.

Жартылай финалдық тартысқа толы кездесуде Оңтүстік Кореядан айласын асырған Қазақстан құрамасы ақтық сында жапон волейболшыларымен күш сынасқан. Алғашқы екі партияда жапондықтар жеңіске жетсе, үшінші кезеңді біздің волейболшылар өз пайдасына шешкен. Алайда төртінші партияда қазақстандықтар Жапония құрамасына тойтарыс бере алған жоқ.

Осылайша, Қазақстан құрамасы ширек ғасырға жуық уақыттан соң Азия біріншілігіндегі үздік нәтижесін қайталады. Дәл осыдан 24 жыл бұрын волейболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

Волейболдан Азия чемпионаты. Финал

Қазақстан – Жапония 1:3 (13:25, 20:25, 27:25, 23:25)

Жалпы командалық есеп:

1. Жапония

2. Қазақсан

3. Оңтүстік Корея

4. Индонезия

5. Иран

6. Қытай

7. Қытайлық Тайпей

8. Аустралия

9. Катар

10. Вьетнам

11. Таиланд

12. Пәкістан

13. Ирак

14. Шри-Ланка

15. Сауд Арабиясы

16. Гонконг

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер