Criminals
Футбол

Роналду: Кінәм жоқ. Бір тиын төлемеймін

Роналду: Кінәм жоқ. Бір тиын төлемеймін
news-banner7
mobile-news-top

«Реалдың» шабуылшсысы Криштиану Роналду 14,7 миллион еуро салық қарызын төлегісі келмейтін сотта ашық айтты. Бұл жайлы испаниялық Marca хабарлады.

Бүгін Испанияның Посуэло Де Аларкон сотында Криштиану Роналдудың қылмыстық ісі бойынша кезекті сот процессі өтті. Сот процессінің барысында Роналдуды бір жарым сағат сөз сөйлеп, кінәлі емес және тергеу органдарының тағып отырған айыбымен мүлдем келіспейтінін ашық айтты.

«Мен Криштиану Роналду болғандықтан сотқа келдім. Мен үшін атағым мен абыройым басты нәрсе. Мен кінәлі емеспін. Сол себепті соқыр тиын төлемеймін», - деді Роналду қорытынды сөзінде.

Айта кететін жайт, 21-ші маусым күні әлемнің үздік футболшысы испаниялық салық органдарына 14,7 миллион еуро төлесе, екі жылға шартты түрде жазаланатыны айтылған. Ал егер де футболшы төлеуден бас тартса, абақттыға алты жылға дейін қамалуы ықтимал.

Естеріңізге салайық, 13-ші маусым күні Испания прокуратурасы Роналдудың үстінен 14,7 миллион еуро табыс жасырғаны мен салық төлемегені үшін қылмыстық іс қозғаған. Бақылаушы ведомствасы да танымал футболшының шын табысын жасырғанын айқын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер