Футбол

Яцег Магеро: Алда әлі Варшавада 90 минут бар

Яцег Магеро: Алда әлі Варшавада 90 минут бар
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында польшалық «Легияны» өз алаңында 3:1 есебімен жеңді. Ойын соңында варшавалық команданың бас бапкері Яцег Магеро кездесу туралы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

- Бірінші ойын өтті, дегенмен алда әлі Варшавада 90 минут бар. Қателіктеріміздің орнын толтыратын мүмкіндігіміз бар. Бұл ойын «Астана» үшін сәтті өтті. Бізге жасанды алаң доптың жылдамдығына үйрену үшін аздап уақыт қажет болды. Бірақ Михал Кухарчиктің гол соғатын мүмкіндіктері болған. 42-минутта біз болмашы жерден доп жіберіп қойдық. Үзілісте қандай тактика қолданып, кімді алмастыратынымызды ақылдастық. 46 және 49-минуттарда кемінде бір гол соғатын кезіміз болған. Бірақ сәттілік жолдас болмады. Артынан «Астананың» мүмкіндігі болды. Бұл матчта «Астана» үздік болғаны анық. Соңғы голдың бізге екінші матчта қиын болатыны сөзсіз.

- Осындай ойындарыңызбен Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дайындалғыңыз келмей ме?

- «Астананы» жеңісімен құттықтаймын. Бірақ футболда бәрі мүмкін. Барлығы екінші ойында шешіледі.

- «Астананың» осындай ойынына «Легия» не себепті дайын болмады?

- «Астана» мүлдем басқа деңгейде ойнады. Бәрін жоспарлы түрде жүзеге түрде асырды.

- «Легия» қаншалықты өз ойынын көрсете алды. Төреші қосымша алты минут қосты. Осыған іштей қуандыңыз ба?

- Мен төрешінің қанша уақыт қосатынына әсер ете алмаймын. Бүгінгі ойын алаң иелернің басымдығымен өтті. «Легия» Варшавада бәрін реттеуге тырысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер