Футбол

«Мұнайшылар» қауіпті аймақтан шықты

«Мұнайшылар» қауіпті аймақтан шықты
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан ел чемпионатының 8-ші турында кейінгі шегерілген «Атырау» - «Оқжетпес» матчы аяқталды.

Турнир кестесінің екінші «алтылығында» келе жатқан командалар екеулеп жүріп үш гол соқты.

Матчтың 12-минутында Марат Хайруллин «мұнайшыларды» алға шығарған. Үзілістен кейін тағы екі гол соғылды.

77-минутта Елдар Әбдірахманов командасының басымдығын күшейтті. Бірақ бұл есеп ұзақ сақталған жоқ. Үш минуттан соң Әлібек Бөлешев есеп айырмасын қысқартқанымен, қонақтар таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп – 2:1, «Атырау» үш матчтық жеңіліс сериясына нүкте қойды.

Осы матчтан соң «мұнайшылар» 21 ұпай жинап, қауіпті аймақтан шықты – команда 9-шы орынға көтерілді. Ал «Оқжетпес» 18 ұпаймен 11-ші сатыға түсіп қалды.

«Атырау» - «Оқжетпес»

Голдар: 1:0 – Хайруллин 12, 2:0 – Әбдірахманов 77, 2:1 – Бөлешев 80

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер