Футбол

«Астана» «Легиядан» басым түсті

«Астана» «Легиядан» басым түсті
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

«Астананың» қарсыласы польшалық «Легия» болған. Қонақтар әу бастан фаворит саналғанымен, астаналық клуб өз алаңында қарап қалған жоқ.

Матчтың 36-минутында Джуниор Кабананга «Астана Аренаға» жиналған жанкүйерлердің төбесін көкке көтеріп тастады. Конголық форвард допты айып алаңында қабылдап алып, дәл соққы жасап үлгерді.

Командалар үзіліске кетердің алдында таблодағы көрсеткіш тағы да өзгерді. Бұл жолы да алаң иелері гол соқты. Роман Мұртазаевтың пасынан кейін Иван Маевский есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда «Астана» үшінші голды соғып, қарымта кездесу алдында жағдайын жақсыртып алуға тырысқан. Алайда польшалықтар алаң иелеріне мұндай мүмкіндік бермеді. Тіпті, 79-минутта қонақтар есеп айырмасын қысқартып үлгерді. Айып алаңындағы қарбаластан соң Армандо Садику қанжығасын майлады.

Бірақ соңғы сөз «Астана» ойыншыларында қалды. Төреші қосқан қосымша уақытта Кабананганың пасынан кейін Патрик Твумаси көзге түсті.

Қорытынды есеп – 3:1. «Астана» қарымта кездесу алдында екі гол басымдығына ие болды.

«Астана» - «Легия» (Польша) 3:1 (2:0)

Голдар: 1:0 – Кабананга 69, 2:0 – Маевский 45, 2:1 – Садику 79, 3:1 – Твумаси 90

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер