Бокс

Әбілхан Аманқұл: WSB финалының тағдырын бір ғана жекпе-жек шешті

Әбілхан Аманқұл: WSB финалының тағдырын бір ғана жекпе-жек шешті
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбілхан Аманқұл Prosports.kz тілшісіне Германияда өтетін әлем чемпионаты мен WSB бүкіләлемдік бокс сериясындағы «Арландардың» жеңісі туралы айтып берді.

- Әбілхан, денсаулығың қалай? Жарақатынан емделдің бе?

- Рахмет, бәрі жақсы. Қолымды жарақаттап алған болатынмын. Бірақ әлем чемпионатына дейін толық айығып кетемін деген ойдамын. Бапкерлік құрамның нұсқауын орындасам, әлем біріншілігінде бабында боламын.

- Әлем біріншілігіне қойған мақсатың қандай?

- Бұйыртса, әлем чемпионатынан алтын жүлдемен оралуға тырысамын.

- Қарсыластарыңды зерттеп үлгердің бе?

- Иә, зерттеп үлгердім. Мықтыларымен кездесіп те көрдім. Қазір тыңғылықты дайындалып жатырмыз.

- WSB бүкіләлемдік бокс сериясындағы жеңісің құтты болсын. «Арландардың» кубалықтардан 2:5 есебімен ұтылып тұрып жеңіске жетуі таңғалдырды ма?

- Енді ол кезде небір ойлар болған. Себебі матч тағдырын бір ғана боксшы шешіп тұрды. Ауыр салмақта жұдырықтасатын Олжас Бұқаевтың кездесуін күттік. Ол жеңді, ал қалғандарының ұтатынына сенімді болдым.

- Орта салмақта бұған дейін Әлімханұлы өнер көрсеткен еді. Жәнібектен ақыл-кеңес сұраған жоқсың ба?

- Енді Жәнібек менің қарсыласым емес. Әділбек біздің ағамыз, үлгі тұтар боксшы, оған қарап сап түзеуге болады. Одан үйренетін нәрсеміз көп.

- Қазіргі таңда Қазақстан бойынша өз салмағыңдағы қарсыластарың кім?

- Қазақстан бойынша қарсыластарым - Тұрсынбай Құлахметов, Ерік Әлжанов. Соңғысымен ел біріншілігінің финалында жұдырықтасқан болатынмын.

- Қанат Ислам сендермен бірге жаттығу жүр деп естідік. Мұндай тәжірибелі боксшымен бірге дайындалу мотивация, күш бере ме?

- Қанат ағамыздың тәжірибесі көп. Қазір ол бізбен бірге жаттығуда. Әрине, ол бізге рухани күш береді. Ақыл-кеңесін айтып, көмектеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер