Футбол

Станимир Стойлов: «Соңына дейін күресеміз»

Станимир Стойлов: «Соңына дейін күресеміз»
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Астана-Арена» стадионында Чемпиондар лигасы квалификациясы үшінші раундының ойыны қазақстандық «Астана» мен польшалық «Легия» арасында өтеді. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты жазды.

Елорда командасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Станимир, алдағы қарсылас туралы, жалпы ойын жайында өз пікіріңізді білсек.

— Ең бастысы, маңыздысы – бізді жауапты ойын күтіп тұр. Ойын қиын әрі ауыр. Бізге өз деңгейімізді көтеру керек, біз олардан әлдеқайда жоғары болуымыз қажет. «Чемпиондар Лигасының» үшінші раунды – бұл жоғары деңгейдегі, қазақстандық чемпионаттардан да бәсі биік. «Легия» — жақсы футбол ойын өрнегін көрсететін мықты команда. Кездесудің фавориті әрине, егер менің футболшыларым ұйымдастырушылық қабілеттерін танытып, айлаларын асырса, бізде мүмкіндік бар.

— Бұған дейін сіз «Астанада» мүмкіндік аз деген болатынсыз. Қазір не өзгерді?

— Мен айтып өткендей, бізге барынша өсу керек. Егер біз барлығын ойдағыдай жасап, өзімізді көрсетсек, мүмкіндік теңеседі. Ұмытпаңыздар, бізде алда әлі екі ойын бар.

— Футболда ең бастысы не? Гол соқтырмау ма?

— Әрине, егер гол соқтырмасаң және өзің соқсаң ғанибет қой. Мен жанкүйерлердің қолдауына сенемін. Біз бірге көптеген жақсы жетістіктерге жеттік. Жеңістер мен жеңілістер де болды, бірақ біз алға ұмьтыламыз. Соңғы минуттарға дейін.

— «Легия» бізден қай жағынан басым?

— Еуропалық командалар бізді қашанда ұйымшылдықпен, тәртіппен басып озады.

— Ертеңгі ойын қандай болады?

— Мен әрдайым таза әрі бойыңды шымырлатар ойын болғанын қалаймын. Менің ойыншыларым дөрекі ойнамайды. Бұл менің жоспарым мен тілегім емес. Қос командада барын салады. Біздің ойыншылар таза және әділ ойнайды. Бірақ қажет болса біз де қалыспаймыз.

«Астана» — «Легия» ойыны бүгін, 26 шілде, 20:00-де «Астана-Арена» стадионында өтеді. Жауапты кездесу 2 тамыз Варшавада болады. Жеңімпаз Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер