Волейбол

Қазақстандық волейболшылар Индонезияны жеңді

Қазақстандық волейболшылар Индонезияны жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Индонезияның Сурабая қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуды.

Бүгін топтық кезеңнің екінші ойындары өтті. «А» тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы жарыс қожайындары Индонезиямен кездесті. Аса шиеленісті өткен ойын қортындысында Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп екі ұпайды еншіледі.

Біздің топтағы екінші ойында Катар құрамасы Сауд Арабиясын 3:0 (25:23, 25:21, 25:21) есебімен жеңді. Осылайша, біздің топта үш құрама төрт ұпайдан еншіледі. Ал Сауд Арабиясының қоржыны бос. Топтық кезеңнің үшінші ойынын біздің құрама дәл осы Сауд Арабиясымен өткізеді. Әр топтан бірінші және екінші орын алған құрамалар жарысты ары қарай жалғастыратын болады.


Волейболдан Азия чемпионаты. Ерлер. «А» тобы. Сурабая, Индонезия.

Сауд Арабия — Катар 0:3 (23:25, 21:25, 21:25)

Индонезия — Қазақстан 2:3 (25:23, 25:27, 21:25, 25:21, 13:15).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер