Басқа

Непалда өтетін Азия чемпионатына қатысатын ауыр атлеттер белгілі

news-banner7
mobile-news-top
Бүгін Катмандуда (Непал) біздің құрама 17 жасқа дейінгі жастар мен қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар мен бойжеткендер арасындағы ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлады ҚазАқпарат Ауыр атлетика федерациясының сайтына сілтеме жасай отырып.
Бұл Азия біріншілігіне Қазақстаннан жеті спортшы қатысады. Федерация қазақстандық қатысушылар тізімі мен олардың Астана уақыты бойынша шығатын уақытын жариялады.
«25 шілдеде Анатолий Савельев (62 келіге дейін, А тобы) сағат 18:15. 26 шілдеде - Құзғанбаева Карина (69 келіге дейін, А тобы) сағат 18:15. 27 шілде - Құмарбекова Гүлжан (75+/90+ келі, Б тобы) сағат 12:15., Муптілда Айзада (90+ келі, А тобы) сағат 16:15., Макеев Михаил (77 келіге дейін, А тобы) сағат 18:15. және Бектай Асылжан (77 келіге дейін, А тобы) сағат 18:15. 28 шілде - Антропов Артем (85 келіге дейін, А тобы) сағат 12:15», - делінген хабарламада.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер