Басқа

Елордада V Азиада ойындарына арналған жиын өтті

Елордада V Азиада ойындарына арналған жиын өтті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордадағы «Ritz Carlton Astana» қонақ үйінде жабық ойындар мен жекпе-жек өнері бойынша V Азиада ойындарын таныстыру шарасы өтті.

Шараны Қазақстандағы Түркменстан елшілі өткізді. «Азиада-2017» Ашхабад қаласында қыркүйек айының 17-27 күндері аралығында өтеді.

Жиынды Түркменстанның уақытша сенімді өкілі А.Ягмыров пен Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті президентінің Кеңесшісі Б.Ордабаев ашты. ҰОК өкілінің айтуынша, Азиадаға қатысатын спортшылардың саны 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына барған спортшылардан көп.

Түркменстанның «Гунешли Сыяхат» туристік фирмасының өкілі Анастасия Абаева олимпиадалық қалашық туралы бейнеролик көрсетіп, шараға қатысушыларға Түркменстан еліндегі туристік аймақтар туралы ақпараттық қағаз таратты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің, «Азиада-2017» жарысына қатысатын спорттық федерациялардың, бірқатар БАҚ пен еліміздегі турфирмалардың өкілдері шақырылды.

Жабық ойындар мен жекпе-жек өнері бойынша V Азиада ойындарының ашылуы 17-ші қыркүйек күніне жоспарланған. 160-қа жуық спорт түрлерінен 337 медаль сарапқа салынады. Дүбірлі додаға Азия және Мұхит елдерінің 62 олимпиада комитеттерінің өкілдері қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер