Бокс

Даңқты боксшы Дюран Альвареске кеңес берді

Даңқты боксшы Дюран Альвареске кеңес берді
news-banner7
mobile-news-top

Даңқты боксшы Роберто Дюран мексикалық Сауль Альвареске кеңес берді.

Роберто Дюранның ойынша, IBF, IBO,WBA және WBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы рингте ары бері жүгіріп, жан-жақты шабуыл жасау қажет.

«Қазір заман өзгерді. Даңқты боксшылардың саны азайғанмен, боксқа жұмсалатын ақшаның көлемі артты. Головкинге жан-жақтан шабуылдау қажет. Өйткені ол нағыз «жануар» секілді өлтіру үшін тіке шабуылдайды. Головкинді рингте ары бері жүгіріп, жан-жақты шабуылдап қана жеңуге болады», — дейді Дюран BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес ағымдағы жылдың 16-шы қыркүйегінде Лас-Вегас қаласында жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер