Футбол

«Қайраттың» жаңа бас бапкері тағайындалды

«Қайраттың» жаңа бас бапкері тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, испаниялық бапкер «Қайратпен» келісімшартқа отыру үшін Алматыға келді.

Карлос Алос Феррер 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын баптаған. «Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаев клубтың даму бағытын өзгертіп, ендігі жастарға баса назар аударамыз деген болатын.

Айта кетейік, 21-ші шілде күні грунзиндік маман Кахабер Цхададзе қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Басты себеп, ел біріншілігіндегі нашар нәтиже мен Еуропа Лигасының екінші айналымынан ары аса алмау болды.

Дәл қазіргі таңда «Қайрат» клубының бас бапкері қызметін уақытша жергілікті маман Сергей Лобадовский атқарып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер