Футбол

Қайрат Боранбаев: «Жалған футболшыларға» ақша құюдан шаршадық

Қайрат Боранбаев: «Жалған футболшыларға» ақша құюдан шаршадық
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубының жетекшісі Қайрат Боранбаев команда жүйесі мен даму стратегиясын өзгерту керегін айтты. Бұл туралы Azattyq.org порталы хабарлады.

Боранбаевтың пайымдауынша, ұжымда «жеңіліс вирусы» жайлап кеткен. Соңғы ойындар өте «нашар» болды.

«Жалған футболшыларға» ақша құюдан шаршадық. Алдағы уақытта қала мен клуб үшін ойнайтын футболшыларды таңдаймыз, - деді Қайрат Боранбаев.

Еске салайын, алматылық команда Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде албаниялық «Скендербеуден» ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Соның салдарынан команданың бас бапкері Кахабер Цхададзе өз орнын босатты.

Чемпионатта да «Қайраттың» жағдайы мәз емес. Алматылықтар негізгі бәсекелесі «Астанадан» жеті ұпайға қалып, екінші орында келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер