Жаға ұстатты
Бокс

Майк Тайсон сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болған

Майк Тайсон сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болған
news-banner7
mobile-news-top

Майк Тайсон бала кезінде сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болған екен. Бұл туралы Тengrinews.kz порталы хабарлады.

«Шынымды айтсам, мұны ешкімге жеткізген емеспін. Менің басымнан өткен оқиға еркек ретінде қалыптасуыма кедергі болмады", - деді Тайсон ESPN телеарнасына берген сұхбатында.

Боксшының сөзінше, белгісіз қылмыскер оны күштеп жыныстық қатынасқа итермелеген. Боксшы қылмыскердің оны күштеп бір ғимаратқа кіргізіп алып, тиіскенін айтқан. Оның айтуынша, осы жағдай оған бокспен айналысуына түрткі болған.

Айта кетейін, Тайсон 1985-2005 жылдары кәсіпқой бокспен айналысып, осы уақыт арасында 58 кездесу өткізді. Оның 50-ін (44-і нокаутпен) жеңіспен аяқтаса, алтауында қарсыласына жол берген. Тағы екі жекпе-жегі іске аспай қалған кездесулер ретінде жазылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер