Басқа

Бауыржан Сәрсекенов мәңгілік сапарға аттанды

Бауыржан Сәрсекенов мәңгілік сапарға аттанды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елімізге танымал футбол маманы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бұрынғы бапкері Бауыржан Сәрсекенов мәңгілік сапарға аттанды.

Бауыржан Сәрсекенов «Труд» (Ақтау), «Нефтяник - Өзен» (Жаңаөзен), «Химик» (Степногорск), СКИФ (Алматы) командаларында өнер көрсеткен. Жаттықтырушы қызметіне 1981 жылы кіріскен.

«Қазақстан футболының дамуына қосқан үлесі үшін» орденімен марапатталған. Елімізге танымал Марат Шахметов, Жамбыл Көкеев, Марк Гурман, Артем Фомин секілді футболшылар шәкірті болған.

PROSPORTS ұжымы Бауыржан Сәрсекеновтың қайтыс болуына байланысты оның отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер