Киберспорт

Қазақстандық Gambit Esports Major Kraków жарысында топ жарды

Қазақстандық Gambit Esports Major Kraków жарысында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

23-шілде күні CS:GO - PGL ойынынан Major Kraków халықаралық жарысы мәресіне жетті. Жүлде қоры 1 млн $-ды құраған турнирде қазақстандық Gambit Esports командасы топ жарды.

Топтық кезеңде «гамбит» командасы үш бірдей жеңіске жетіп, жеңіліс дәмін татпаған.

Ширек финалда шведтің Fnatic командасын 2:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалдық кездесуде өткен жылғы чемпиондар - даниялық Astralis ұжымынан 2:1 есебімен басым түсті.

Ақтық кезеңде қазақстандық ұжымға Бразилияның Immortals командасы қарсылас атанды. Дегенмен, біздің жігіттер бразилиялық ұжымды жеңіп 500 мың доллар сыйақыны ұтып алды.

Gambit Esports ТМД елдерінің командалары арасында CS:GO ойынынан Major Kraków халықыралық жарысын жеңіп алған тұңғыш команда.

Чемпиондар құрамы мынадай:

Даниил Zeus Тесленко (Украина) – капитан

Абай Hobbit Хасенов (Қазақстан)

Михаил Dosia Столяров (Ресей)

Даурен AdreN Кыстаубаев (Қазақстан)

Рустем mou Телепов (Қазақстан).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер