Басқа

Әшімов жеңіліп көрмеген ресейлік спортшыны сұлатып түсірді. Видео

Әшімов жеңіліп көрмеген ресейлік спортшыны сұлатып түсірді. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Арман Әшімов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ProSports.kz сайты.

Ингушетияда өткен M-1 Challenge 81 турнирде жеңіліс дәмін татпаған Гаджимурад Алиевпен (6-1-0) жұдырықтасты. Жерлесіміз қарсыласын екінші раундта жойқын соққысымен сұлатып түсірді.

Жекпе-жекті жүргізген комментатор қазақстандықтың жасаған соққысын «адамшошырлық» деп бағалады.

Аталмыш жекпе-жектен соң ұйымдастырушылары қазақстандық спортшының өнеріне жоғары баға беріп, бірден келісімшарт ұсынған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер