Жаға ұстатты
Бокс

Қанат Исламның болашақ қарсыласы шелектен зәбір көрген. Видео

Қанат Исламның болашақ қарсыласы шелектен зәбір көрген. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Жақында Қанат Исламның алдағы қарсыласы белгілі болды. Бұл жолы «Qazaq» канадалық Брэндон Кукпен қолғап түйістіреді.

Брэндон бүгінге дейін 18 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтаған. 15-і – нокаутпен. Оның соңғы қарсыласы Стивен Батлер болған еді. Сол кездесуде келеңсіз оқиға болды.

Бас қазы Кук қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді деген шешім шығарады. Бұған келіспеген жанкүйерлер рингке түрлі заттарды лақтыра бастаған. Сол кезде жанкүйерлердің бірі рингке мұзға толы шелекті лақтырған. Ол тура Куктың басына тиді.

Айта кетейік, осы жекпе-жектен соң Брэндон Кук IBF тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атанған болатын. Бұған дейін канадалықтың еншісінде WBA-NABA белбеуі де болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер