Хоккей

Александр Мальцев: «Айсұлу» хоккей клубы еліміздің үздік ұжымы

news-banner7
mobile-news-top

Қазір таңда «Айсұлу» хоккей клубы Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Алматылық команданың бас бапкері Александр Мальцев ақпараттық-спорттық хаб тілшісімен сұхбаттасып, алдағы жоспарларымен бө бөлісті.

- Қайырлы күн, «Айсұлу» командасы жайлы айтып берсеңіз?

Жалпы, Алматыда әйелдер хоккейі 1995 жылы құрылған. Бір жылдан кейін команнда қысқы Азиада ойындарына қатысты. Клуб алып шаһарда 2005 жылы құрылып, қала намысын жоғарғы деңгейде қорғап келеді.

- Клубтың соңғы жаңалықтары мен жетістіктерімен бөліссеңіз?

Өткен маусым біз үшін қиын болды. Біз көптеген халықаралық жарыстарда бақ сынадық. Астанада алғаш рет квалификациялық іріктеу кезеңі өтті, бұл да үлкен жетістіктердің бірі деп санаймын. Осы жылды біз Олимпиада ойындарына іріктеу жарысынан бастадық. 2011 жылы Алматыда өткен қысқы Азиада ойындарынан кейін біз әлемдік рейтингте 7 орыннан 17 орынға түстік. Одан кейін, «Айсұлу» құрамының өзгеруіне байланысты клуб деңгейі біраз құлдыраған болатын. Бірақ, соңғы жылдардың нәтижелері бойынша біраз деңгейімізді көтердік, сондай-ақ, екінші дивизионнан бірінші дизизионға ауысып, бағымыз жанды. Біз ел чемпионымыз, Қазақстандағы басты қарсыластарымыздың бірі астаналық ұжым. Оған дәлел, осы жылы өткен ел біріншілігінің алтыны.

Біз 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатыстық. Ал 2010 жылы Ванкуверде өткен төртжылдықтың басты додасына қатысуға бізге бір ғана ұпай жетпеді. Кейіннен, елімізде 2017 алатау баурайында желбіреген 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада ел намысын қорғадық. Менің байқағаным, әйелдер хоккейінің деңгейі ерлерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Студенттік ойындарға канадалық хоккейшілер біздің клубта өнер көрсетеміз деген тілек білдірген еді, алайда, легионерлерді қоластына алу мәселесі ұзаққа созылып, біз өз күшімізге сендік. Дегенмен, 20 канадалық ойыншымен де жеңіске жете алмайтымызды

түсіну керек. Өйткені, біз тек жас спортшыларды ғана шақыра аламыз, ал кәсіпқой хоккейшілер бізге келмейді. Универсиадаға қойған мақсатымыз үшінші орынға жайғасу болатын. Өкінішке қарай, біз Қытайдан жеңіліп, тек 5-6 орындар үшін ғана бәстесе алдық. Біздің негізгі ойыншыларымыз Зарина Тухтиева, Алена Фукс, Ольга Конышева жас айырмашылығына байланысты қысқы студенттік ойындарына қатыса алмағандықтан, командаға жарыста ойнау біраз қиынға соқты. Ойындар үйде өткендіктен, жанкүйерлеріміз барынша қолдау көрсетті.

Еуро лигада да нәтижелеріміз қанағаттандырмады, үздік ойыншыларымызды қатыстырмай, жас хоккейшілерге жол бердік. Осының әсерінен жүлделі орындардан көріне алмадық.

- Александр Иванович, 2017 жылы Жапония елінде өткен қысқы Азия ойындарында команданың жеңіп алған қола жүлдесі Универсиададағы сәтсіздікті жуып шайғандай болды ма??

Әрине. Сонымен қатар, осымен үшінші мәрте жүлделі орындарды иеленіп жатырмыз. Жалпы, Азия елдері арасында біз 14 жыл бойы үздіктердің қатарындамыз. Осыншама жыл ішінде чемпиондықты сақтап қалу оңай емес. Сондай-ақ, соңғы жылдары Қытай, Жапония еліндерінің командалары күшейіп, алға ұмтылып жатыр. Осы жылы жапондықтар Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңін жеңіп, өкінішке қарай, бізден басым түсті. Қазір таңда, әлсіз қарсыластардың жоқ екені айдан анық. Сондықтан, кез келген медалдар жиынтығы шеберліктің, еңбектің жемісі деп ойлаймын. Өткен жылы Азия чемпионатында қоланы қанағат тұтсақ, осы жылы күміспен күптелдік. Менің ойымша, өткен маусым нәтижелері бойынша көптеген мүмкіндіктерді жоғалтып алдық, бағындырар асуларымыз әлі алда.

- Бүгінгі таңда, әйелдер арасындағы хоккей қалай дамып келеді?

Жыл санап хоккей жоғарғы деңгейге көтеріліп, қарқынды дамуда. Біздің алға қойған мақсатымыз өз мектебізді ашу. Қазір Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы барлық мектептерді бір мекеменің қол астына біріктірмек, осының арқасында, біз барлығын бақылап, бірлесіп, жұмыс атқара аламыз. Хоккейде бұқаралық өте маңызды. АҚШ, Канада елдерінде 40 000-ден астам әйел хоккеймен айналысады. Өйткені, бұл - жақсы нәтиженің көрсеткіші. Бізде жарақаттанған, үздік хоккейші қыздарды алмастыратын ұрпақ әлі дайын емес. Осыған байланысты, қазір жастарды іріктеп, команда жасақтап жатырмыз.

- Александр Иванович, жаңа маусымға қойылған мақсаттар мен жоспарларыңыз жайлы айтсаңыз?

Осы маусым қаржыландыру жағынан тұрақтанды. Жалпы физикалық дайындығымыз Ақбұлақта өтсе, қазір Алматыда оқу жаттығу жиыны жалғасуда. Жаңа маусымда біздің команда супер Кубокта неміс, швед командаларымен бақ сынаса, Еуролигаға және ел чемпионатына қатысады. Сондай-ақ, ұлттар арасындағы Спартакиадаға да жүлделі орындарды сарапқа саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер