Футзал

«Қайрат» Фелипе Дэйвиссон мен Даниэль Мендонка Да Росаны сатып алды

news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футзал клубы бразилиялық қорғаушы Фелипе Дэйвиссонмен және әмбебап ойыншы Даниэль Мендонка Да Росамен келісімге келді.

Фелипе Дэйвиссон «Қайратпен» екі жылдық келісімшартқа отырды.

27 жастағы спортшы бұған дейін чехиялық «Эра-Пак» клубында ойнаған. Аталмыш клубта Фелипе көшбасшы бола тұрып, командамен бірге бірнеше белестерді бағындырған. Нақтырақ айтсақ, осы маусымда сегіз гол және 13 нәтижелі пас беріп, кезекті рет Чехия чемпионы атанды. Сонымен қатар, ойыншы УЕФА Кубогының 2016/17 жылғы маусымында алты ойын өткізіп, бір рет көзге түскен.

Айта кететін жайт, Фелипе 2015/16 жылғы УЕФА кубогының элиталы кезеңінде «Қайратқа» қарсы ойнаған. Ол кездесуде «Эра-Пак» алматылық клубтан 1:4 есебімен ұтылған.

Даниэль Мендонка Да Роса алматылық клубқа бір маусымға келді.

Даниэль Қазақстан құрамасының ойыншысы Лео Мендонка Да Росаның інісі.

23 жастағы Даниэль өзінің туған жерінің Жарагуа командасында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, ол Бразилияның ең мықты - «Магнус» клубында да ойнаған. Дәл осы командада Даиэль атақты Фалькаомен бірге 2016 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер