Баскетбол

«Хьюстон» баскетбол клубы сатылымға қойылды

news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық баскетбол қауымдастығында өнер көрсететін «Хьюстон» клубы сатылымға қойылды. Бұл жайлы ESPN телеарнасына сілтеме жасап, ҚазАқпарат жазды.

«Клуб иесі Лесли Александер «Хьюстонды», сондай-ақ кәсіби және жартылай кәсіби спорттық клубтарды басқару жөніндегі «Клатч Сити Спортс энд Энтертейнмент» (Clutch City Sports and Entertainment) компаниясын сатылымға қойды», - деді клуб президенті Тэд Браун.

Ол 1993 жылдан бері клубқа ие болып келе жатқан Лесли Александерге бірнеше жылдар бойы клубты сату жөнінде түрлі ұсыныстар келіп түскенін және оның соңғы сәттерге дейін бұларды қарастырмағанын мәлім етті.

ESPN телеарнасының мәлімдеуінше, клубқа тек АҚШ-тың ғана емес, Азия елдерінің инвесторлары да қызығушылық танытуы мүмкін. Клубтың қазіргі иесі оны 85 млн долларға сатып алған, биылғы жылы Forbes журналы «Хьюстонды» 1,65 млрд долларға бағалаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер