Теннис

Роджер Федерер - «Уимблдон-2017» турнирінің жеңімпазы

Роджер Федерер -  «Уимблдон-2017» турнирінің жеңімпазы
news-banner7
mobile-news-top

Теннистен «Уимблдон» жарысының ерлер арасындағы ақтық сыны мәреге жетті.

Финалдық кездесуде швейцариялық Роджер Федерер мен хорватиялық Марин Чилич кездескен болатын.

Ақтық матчта Роджер қарсыласына еш мүмкіндік бермей, үш сетте ойсырата ұтты. Қорытынды есеп - 6:3, 6:1, 6:4.

Естеріңізге салайық, Федерер бұған дейін «Уимблдон» турнирін жеті рет бағындырған. Бұл жеңісі әлемнің атақты теннисшісі үшін сегізінші болды.

Айта кетейік, швейцариялық теннисші «Үлкен дулыға» жарыстарын 19 рет ұтқан екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер