Criminals
Бокс

Vesti.kz сайты неге алдын ала жеңісті «Cuba Domadores» клубына берді?

Vesti.kz сайты неге алдын ала жеңісті «Cuba Domadores» клубына берді?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астананың «Қазақстан» спорт кешенінде бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалдық кездесуі өтті. Ақтық сында «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» командалары кім мықтыны анықтаған еді.

Жетінші маусымда тартысты жекпе-жектр көп болды. «Cuba Domadores» клубы 2:5 есебімен алда келе жатқанымен, «арландар» дер уақытында ес жинап, есепті 5:5 қылды. Соңғы шешуші кездесуде (52 кг) Олжас Байниязов кубалық Фрэнк Залдивар жеңіп, барша қазақстандықтарға жеңіс сыйлады. Алайда, шешуші айқаста «Хабар» телеарнасында көрсетілім үзілді. Бокс сүйер қауым кім женгенін анықтай алмай жатқанда отандық «Vesti.kz» сайты жеңісті алдын ала «Cuba Domadores» командасына беріп, желі қолданушыларын ызасын тудырды.

Мәселен, Адилет Камалов есімді қолданушы «вести кзтын намыссыздары жазып койган куба утты деп)) ол кезде Байниязов бокстесип жаткан еды)))», - деп пікір жазған.

Айта кетейік, «Astana Arlans» үшінші рет WSB бокс сериясының финалында жеңіске жетіп, әлемнің ең атақты клубы атанды. Естеріңізге салайық, бұған дейін қос команда аталмыш доданы екі реттен бағындырған.

Фотолар: «Astana Arlans»командасының ресми парақшасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер