Футзал

Дуглас - 2016/2017 маусымның үздік ойыншысы атанды

Дуглас - 2016/2017 маусымның үздік ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның футзал ассоциациясы 2016/2017 маусымның үздік ойыншысын атау үшін кезекті сауалнама өткізді.

Алматылық «Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан құрамасының 28 жастағы ойыншысы Дуглас Жуниор Да Силва Негрейрос 2016/2017 маусымның үздік ойыншысы атанды. Дуглас алғашқы рет бұл атаққа қол жеткізіп отыр.

Ол осы маусымда «Қайрат» сапында 16 гол соғып, ел чемпионы және Қазақстан кубогының иегері атанды. Сонымен қатар, Дуглас өткен маусымда халықаралық Еременко кубогын жеңіп, УЕФА кубогының қола жүлдесін еншіледі.

Дуглас Қазақстан құрамасымен Колумбияда өткен әлем чемпионатына қатысып, командамызбен бірге 1/8 финалға дейін жетті.

Естеріңізге салайық, осы маусымда Қазақстан құрамасы екінші рет Еуропа чемпионатына жолдама алды. Ұлттық құрамада Дуглас 30 ойын өткізіп, 27 гол соқты. Дуглас Жуниор Да Силва Негрейрос - құрама тарихындағы үздік сұрмерген.

Екінші және үшінші орындар «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының ойыншылары Дінмұхамбет Сүлейменов пен Игитаға бұйырды. Жалпы анкетада 10 спортшының есімі аталды. Айта кетейік, сауланамаға Қазақстанның футзал ассоциациясының өкілдері, төрешілер мен инспекторлар корпусы, командалар өкілдері және журналистер қатысты.

Сауалнама қорытындысы:

  1. Дуглас («Қайрат») – 20 дауыс
  2. Дінмұхамбет Сүлейменов («Қайрат») – 11
  3. Игита («Қайрат») – 8
  4. Серік Жаманкұлов («Қайрат») – 5
  5. Қайрат Иманалин («Ақтөбе») – 4
  6. Эрик («Аят») – 3

7-10. Игор («Қайрат») – 1

7-10. Шыңғыс Есенаманов («Қайрат») – 1

7-10. Антон Рындин («Аят») – 1

7-10. Диваней («Қайрат») – 1

«Үздік ойыншы» атағын иеленгенер:

Дінмұхамбет Сүлейменов – 3 (2009, 2011, 2013)

Александр Бондарев – 2 (2002, 2003)

Какау – 2 (2006, 2007)

Шыңғыс Есенаманов – 2 (2012, 2015)

Рафаэль – 1 (2008)

Келсон – 1 (2010)

Жоан – 1 (2014)

Серік Жаманқұлов – 1 (2016)

Дуглас – 1 (2017)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер