Күрес

Нұрислам Санаев: Ғабит пен Ернұрға қарсы кездесулер ауыр өтті

Нұрислам Санаев: Ғабит пен Ернұрға қарсы кездесулер ауыр өтті
news-banner7
mobile-news-top

Польшадағы халықаралық «Циолковский-2017» жарысында топ жарған Нұрислам Санаев Польшадағы жиын мен жарыс қорытындысы жайлы айтып берді.

- Польшадағы жиын керемет деңгейде өтті. Спала Варшава қаласынан 150 шақырымда орналасқан, ауа райы керемет, табиғаты көркем жер екен. Екі аптаға созылған жаттығу жиында бізбен бірге Польша, Молдова, Румыния, Германия, Беларусь құрамалары болды.

Маирбек Юсуповтың басышлығымен өткен жиында физикалық жүктемені жарысқа бір апта қалғанда тоқтаттық. Жарыс қарсаңында жеңіл кросстар жүгіріп, футбол ойнадық. Нәтижесінде, жарыс алдында өзімді сергек cезіндім. Өздеріңізге мәлім, Польша төрінде Қазақстан құрамасы 12 медаль ұтып, жалпы есепте бірінші орынды еншіледі.

- Нұрислам сол жарыста топ жардың. Көптеген қарсыластарың қазақстандық балуандар болды ...

- Ия, 57 келіде Қазақстанның атынан бес балуан тартысқа түстік. Мен, Ғабит Төлепбай және Ернұр Қабатаев бір топта болсақ, Расул Қалиев пен Жандос Исмаилов екінші топта бағын сынады. Жарыстағы барлық кездесулер қиынға түсті. Ғабит пен Ернұрға қарсы өткен кездесулер ауыр, қызу әрі шиеленісті болды. Финалда Жандоспен күш сынасып, тактикалық жеңіске жеттім десе де болады.

- Тамыз айында Парижде әлем чемпионаты өтеді. Құдай бұйыртса сол алты құрлық додасында күш сынайсың. Басты қарсыластарың бар ма?

- Әлем чемпионаты болған соң, әлемнің мықтылары келеді. Біздің салмақтың көшбасшысы және соңғы Рио Олимпиадасының чемпионы грузиялық Владимир Хинчегашвили жоғарғы салмаққа ауысты. Одан басқа атап айтар қарсылас жоқ, барлығының дәрежесі тең. Ең бастысы - жарыс алдында спорттық бабыңда болу. Құдай бұйыртса бабымда болсам, медальмен ораламын деген ойдамын.

- Әлемге әйгілі ресейлік мамандар ұлттық құрамаға кеңесші болды...

- Маирбек Юсупов бірнеше Олимпиада және әлем чемпиондарын тәрбиелеген, Дағыстан мен Ресейге еңбегі сінген бапкер. Қажымұрат Гацалов та Олимпиада мен әлем біріншіліктерін бағындырған, танымал балуан. Сонымен қатар, физикалық жаттығуларымызға жауапты Эдуард Базров та Ресейде белдескен тәжірибелі спортшы. Елімізде осындай тәжірибелі мамандардан тәлім алып, күресімнің шыңдалып жатқанына қуаныштымын. Менің оларға деген алғысым шексіз! Меніңше, қазіргі таңда біздің құраманың сәтті өнер көрсетуі осы кісілердің еңбегі. Ол мамандар келгелі құрамадағы атмосфера тек жақсы жағына өзгерді. Жаттығулар мен жиындар белсенді өткенімен, балуандарымыз спорттық бабына өз уақтында келуде.

- Сұхбатыңызға рахмет. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер